Көпқабатты үйден өрт шықты

  Атыраудағы Қ.Смағұлов көшесіндегі Құлагер-Жайық ықшамауданындағы 56а мекенжайындағы үйдің 8 қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қызыл жалын 9 қатардағы пәтердің де балконын шарпыды. 

vysotka  Ең алғашқы болып қалалық өрт сөндіру бөлімі 7 минутта келіп жетті. Оқиға орнында Атырау қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Михаил Хагай мәлімдегендей, құрбан болғандар мен адам шығыны жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 5 бірлік техникасы мен 34 адамнан тұратын жеке құрам жұмылдырылды. Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйдің өзге де пәтерлеріне жалынның жайылуына жол берілген жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.

Рита Өтеуғали

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз