Келісіп пішкен тон келте болмайды

Еліміздің егемендік алғанына биыл ширек ғасыр толады. Осы уақыт аралығында әр саланы дамыту үшін жаңа реформалар қолға алынды. Солардың бірі – 2003 жылы қабылданған «ҚР-ның Жер кодексі» болатын.

Өкінішке қарай, сол уақыттан бері бұл заң елдің экономикасына айтарлықтай үлесін қоса алмады. Ішкі өнімге шаққанда жердің жалпы үлесі он-ақ пайыз болып отыр. Оның үстіне, игермегендіктен жер жылдан-жылға тозып барады.

Бүгінде жеткілікті деңгейде мал шаруашылығын да дамыта алмай, өнім өндіріп, оны өңдей алмай жатырмыз. Менің түсінуімше, бұл заңның артында  «қазақтың азаматы өз жеріне өзі қожайын болсын, жерін игеріп, өнімді арттырсын, елінің дамуына үлесін  қоссын» деген үлкен мақсат  бар.

Бірақ, заңға байланысты жұртшылық өз пікірлерін білдіріп, қарсы болғаны да жасырын емес. Мұндай жағдайға заңды түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі себеп болып отыр. Бұл жайында кеңейтілген Үкімет отырысында Елбасы да айтып, бірқатар жауапты орган басшыларын қызметінен босатты.

Енді, кодекстегі 4 өзгеріс қайта талқыланады, сараланады. Болашақта тұрғындар арасында келісім мен түсінік орнап, елге ең қолайлы шешім алынады деп сенемін.

Сайын ҚУАНЫШЕВ,

облыстық мәслихат депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз