Көктемнің алғашқы күндері ауа-райы қандай болады?

48f1371f8e972fe8dc5fdeb7a9c17cab Жаңалықтар

Синоптиктер 2018 жылдың 1-3 наурызы аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

48f1371f8e972fe8dc5fdeb7a9c17cab

Мамандардың болжамына қарағанда, Қазақстанның орталық аймағынан ауысқан циклон солтүстік-шығысқа қарай тез жылжиды. Ал 1 наурызда республикадан тысқары аумаққа ығысады. Бірақ, осы циклонға қатысты атмосфералық фронттардың салдарынан солтүстік және шығыс аймақтарда қар жауып, боран соғады.

Болжам бойынша, еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, кей жерлерде қатты жауын-шашын және тұман болады.

Қазақстанның барлық аймағында күннің суытуына алып келетін суық антициклон Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан әрі қарай тарай бастады. Көктемнің келуіне байланысты синоптикалық процестер өте жылдам өзгеріп, антициклон мен салқын күндер өткінші болады.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз