ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАДЫ

Бүгінде су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы қызметін абыройлы атқарып жүрген Бисен Қуанов 63 жасқа келді. Өзінің бар саналы ғұмырын облыстың су шаруашылығы саласын дамытуға арнаған Бисен Отарұлы облыс экономикасын өркендетуге қосқан үлесі үшін Елбасы Жарлығымен әр жылдары «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев зейнеткерлік жасқа келген Б.Қуановты қабылдап, облыс әкімінің атынан құттықтады. Өңірдің өркендеуіне сіңірген еңбегін, «Ауыл» социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы ретінде қоғамдық өмірдегі белсенді жұмысын атап өткен Ғұмар Ислямұлы  оған зор денсаулық, баянды бақыт, қызметіне табыс, отбасына амандық тілеп, облыс әкімінің Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлығын тарту етті.

Кездесуде сөз алған Б.Қуанов өзіне көрсетілген осындай құрмет үшін ризашылық сезімін білдірді.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз