Биыл Атырау облысының 135 ауылына газ барады

topoboi.com 15600 Жаңалықтар

2018 жылы Атырау облысының 135 ауылы газбен қамтылады.

topoboi.com-15600

Былтыр Құрманғазы ауданының Ресей Федерациясымен шектесетін 10 ауылына газ құбырларын тарту жұмыстары басталған болатын. Аталған кенттер мен ауылдар мұнай компанияларының бірінің арнаулы бағдарламасы аясында газбен қамтылып жатыр. Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңгені құрайды. 2018 жылы 135 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарда бар», – деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың алғашқы жартысында облыс тұрғындарының 99,2 пайызын газбен қамту міндеті қойылған.

Қазіргі кезде ауылдық жерлердің газбен қамтылу көрсеткіші 79,3 пайызды құрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз