Азат Перуашев: «Ол Үкіметте отырған ойыншық емес»

Жаңалықтар

Atr. kz / 14 – ақпан. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Астанада бес баланың өмірін қиған жойқын өрт пен оған кінәлілер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik сайты.

Депутат кінәлі адамды іздеу дұрыс екенін, мұндай дүниені бей-жай қалдыруға болмайтынын айтты. «Астанадағы трагедиямен қатар, Қызылордада үш бала, екі күннен кейін Павлодарда бүтіндей бір отбасы қаза болды, содан кейін Шымкенттегі қайғылы оқиға. Көптеген миллиардтаған бюджеті бар қызметтер болса да, өкінішке қарай, өрт қауіпсіздігі, адамдардың қауіпсіздігі мәселесі бізде екінші орынға сырғып кетіп жатыр», – деді Азат Перуашев.

maxresdefault
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Депутаттың пікірінше, әр министр саясаткер ретінде өз сөзіне жауап беруі керек. «Әбілқасымова (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі) 16 мың теңге көп деді. Меніңше, бұл үлкен қателік. Бірақ, бұл қателіктің жуырдағы трагедияға тікелей қатысы жоқ… Ол үй бұл сөзден кейін жанып кеткен жоқ, біз осыны түсінуіміз керек», – деді мәжілісмен. Десе де, депутат Әбілқасымова министр ретінде әлеуметтік салаға жауапты екенін, сондықтан халықты мазалаған проблемаларды Үкімет алдына қою қажеттігін қадап айтты. «Ол Үкіметте отырған ойыншық емес. Мен Әбілқасымова ханымды құрметтеймін, бірақ министр ретінде ол әлеуметтік салаға жауапты. Сондықтан, халықтың талабы орынды деп санаймын. Министрді отставкаға кетіру керек пе? Жұртшылық министрден қандай да бір әрекеті үшін жауапкершілікті талап етуге құқылы. Әрбір министр өз саласына жауап беруі тиіс», – деді Перуашев.

Сондай ақ, депутат өрт мәселесінің Төтенше жағдайлар комитетінің тікелей жауапкершілігі екендігін айтты. «Отставка туралы сөз қозғасақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің отставкасы туралы айтуымыз керек. Бұл олардың тікелей жұмысы», – деді депутат.

9157958

Еске сала кетелік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Апалы-сіңлілі бес бүлдіршін өрт салдарынан оқиға орнында көз жұмған еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз