«Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының кезекті қатысушысы (+ФОТО)

IMG 20190112 WA0058 Жаңалықтар

…1988 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келдім. 1994 жылы Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің табалдырығын аттадым. 2005 жылдан бастап өзім қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, білім-білігімді шыңдадым. Еңбек жолын «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастадым.

IMG-20190111-WA0041

Нақтырақ айтқанда, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде жарнама менеджері қызметіне қабылдандым. Бүгінде «арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистермен бірге үзеңгілес болып еңбек етіп келемін. Мен үшін бұл – қызығы мен қиындығы қатар өрбіген, жауапкершілік жүгі ауыр абыройлы жұмыстардың бірі деп білемін.

IMG-20190111-WA0077

Балалық шағымда анамның бұрымына сүйсініп өстім. «Менің де шашым дәл солай өссе екен» деп іштей қатты қызығушы едім. Сөйтіп, сол кезде-ақ бұрымымды күте бастадым. Осылайша, шаш өсіруге шамамен жетінші сыныптан бастап ден қойдым.

IMG-20190111-WA0040

Қазір бұрымымның ұзындығы 134 сантиметрге жетіп қалды. Оны күтудің өз құпиялары бар. Аптасына екі-үш рет химиялық қоспасы жоқ сусабындармен жуып отырамын. Ұштанып кеткен тұстарын тегістеп қиып жүремін. Шаш күтімінің тағы бір сыры, бұрымымды көптің көзіне көп түсірмеуге тырысамын. Өйткені, халқымызда о заманнан «тіл-көз тиеді» деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан шашымды өріп, түйіп қоямын. Сонда ғана жүрегім байыз табады.

IMG-20190111-WA0075

IMG-20190111-WA0076

*Бұрымсыз өз өмірімді елестете алмаймын. Егер шашымды қысқартатын болсам, қазақы қалпымнан да айырылып қалатын сияқтымын. Егер, бұрынғы кезге оралсақ, қазақтың қаракөздерінің барлығы дерлік бұрым қойған, үстерінен ұлттық киімдерін тастамаған. Ал, қазір ше? Тек Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде ғана ою-өрнекке оранып, жасанды бұрымды шашымызға жалғаймыз. Өзім бұған қарсымын. «Қазақтың қызы» деген ғажап атқа сай келу үшін, бұрым өсіру керек деп санаймын.

Лұқпанова Нұргүл Кәрімқызы,

жарнама менеджері.

Махамбет ауданы.

IMG-20190111-WA0066

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Айнагүл

    Жарайсың Нұргүл! Қашанда осы қалпыңнан, қазақи ұстанымыңнан айныма!

  2. Гулмира

    Сәттілік серігің болсын. Дауыс бердік. Тек әділдікпен өтуіне тілектеспіз. Дауыс жинауда қазір қиын емес оғанда көзіміз жеткен.

  3. Динара

    саттилик!!!

  4. Амангелді

    Өте тамаша қазақи көрікөрініс осы қалпыңнан тайма

  5. Жания

    Сұлу қыз бақытты бол

  6. Жанат

    Нургул молодец!Саттилик ..Дауыс бердик

  7. Айбек

    Балдыз саттилик тилеймин. Тек алга. ️

  8. Nurgul

    коммент жазгандарына рахмет

  9. Nurgul

    Салем барине. тек карап кеткенше унайдыны басып кетиниздер.рахмет дауыс бергендеринизге

  10. Армангүл

    Нұргүл, сәттілік тілеймін. Жеңіп шығуыңа тілектеспін.

  11. Nurgul

    рахмет тилектеринизге

  12. Гүлмира Қаржауова

    Нұргүл жарайсын

  13. Айнагул

    Нургуля жарайсын

  14. Айнагул

    1Нургуля жарайсын

  15. Салтанат

    Казахи калпвнды сактап жетистиктерге жете бер

  16. Nurgul

    салеметсиз бе рахмет

  17. Таттимбет

    Нургул, оте жаксы! Жарайсын!

  18. Серикжан

    Керемет

  19. Нургуль

    Жарайсын саттылык.

  20. Бауыр

    Сәттілік Алға женіске жет !

  21. Ғабит

    Жеңіп шығуыңа тілектеспін. Алға! Тек қана жеңіс!