Атырау – Қазақстанда электронды билеттендіру жүйесіне көшкен үшінші қала

kz.kazgisa.smartatyrau 2 Жаңалықтар

Atr. kz / 15 – ақпан. Бүгінгі таңда еліміздің мұнайлы астанасы атанған Атырау қаласы Алматы мен Астанадан кейін республикамызда осынау заманауи жүйеге көшіріліп отырған үшінші шаһар.

Бұл жөнінде жұмада өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте «Смарт Атырау» КММ директоры Әділбек Таңқиев пен «Смарт ЖКХ» ЖШС-нің бас директоры Сержан Ақылбаев мәлімдеді. Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруға аталған мекемелердің есебінен 150 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылып, оның басым бөлігі мақсатты игерілген.

9 800

Қала бойынша 100 стационарлық, 200 мобильдік терминал мен сонша бақылау камерасын орнату жоспарланды. Бұл жұмыстарды биылғы ақпан айының соңына дейін толықтай бітіру межеленген. Одан бөлек, «SmartgQala» локалды көліктік карталарды шығару мен сату жұмыстары қолға алынды. Осылайша, 50 000 дана картаның  1 700-і қазірге дейін сатылған.

 Келесі кезекте мүгедектер мен зейнеткерлерді   жеңілдікпен берілетін әлеуметтік карталармен қамтамасыз ету шаралары ойластырылған. Және бір мәлім болғаны, смарт картаның құны Астана мен Алматы қалаларында 500 теңгеден болса, Атырауда – 300 теңге көлемінде белгіленген. Бүгіндері қаланың орталық көшелерімен жүретін және Балықшы, Авангард, Нұрсая мөлтекаудандарына қатынайтын негізгі мартшруттағы автобустар электронды билеттендіру жүйесіне көшірілді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз