Атырау облысы мен Астана әкімдіктері ынтымақтастық туралы келісім жасады

WhatsApp Image 2018 05 24 at 16.35.28 Жаңалықтар

Атырау облысы мен Астананың әкімдіктері түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы 7 меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік комуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-24 at 16.35.28

Құрамында Астана қаласы әкімдігінің түрлі басқармалары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері бар елордалық делегация Атырау облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Сапар аясында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өңіраралық ынтымақтастық бизнес кездесуі өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы жаңа инновациялық идеяларды, бизнес жобаларды және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін техникалық жаңалықтарды енгізу бойынша екі қаланың арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі күні Астана Қазақстанның барлық қалалары үшін үлгі. Бұл – Отанымыздың келбеті, мұнда әлемдік стратегиялық міндеттерді шешу үшін көптеген елдердің бірінші басшылары келеді, ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Астанада медицинаның, мәдениеттің, білім мен ғылымның барлық маңызды объектілері шоғырланған. Сіздердің облысымызға сапарларыңыздың маңызы зор, біз өңірді дамыту бойынша Астанадан барынша көп тәжірибе алуды ниет етеміз, -деді Атырау облысының әкімі.

WhatsApp Image 2018-05-24 at 16.35.28 (1)

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев басқарған делегация өкілдерінің айтуынша, Атырау облысы қонақтардың үлкен қызғушылығын тудыруда. Бұған қоса, өңіраралық ынтымақтастық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм, цифрландыру, «Ақылды қала» технологиясын енгізу және басқалары бойынша жасалуы мүмкін.

Астанада 20 жылда іске асырылған табысты жобаларды Атырау облысында да енгізуге болады. Екі күнгі сапарда Атырау облысының әкімдігі екі жобаға қызығушылық танытты деп айтуға болады. Бұл ІТ-қауіпсіздік саласындағы жобалар, яғни бүкіл қала бойынша көше бейнебақылау камераларын енгізу. Ол қылмысты төмендетуге және қылмыстардың ашылуын арттыруға, сондай-ақ ЖКО азайтуға мүмкіндік береді. Екінші жоба – біз Астанада ойдағыдай енгізген «1000 жаңа сауда орындары» жобасы МЖӘ-ке негізделген. Айта кететіні, жобаға мемлекет бір тиын да салған жоқ. Сауда алаңдарына арналған жер учаскелерін инвесторлар ұсынды. Жобаны іске асыру Астанаға жаңа инвестициялар тартты және жаңа жұмыс орындарын құрды, – дейді Астана қаласы әкімдігінің инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы Ерлан Бекмурзаев.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Астананың мәдениет күндері өтуде. Астаналық қонақтардың сапары екі бөлімнен тұрады – мәдени және іскерлік. Астаналық шығармашылық ұжымдардың концерттері іскерлік топтардың бизнес кездесулерімен, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарды аралаумен қатар өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форумдар өңіраралық қытымақтастыққа жаңа серпін бермек.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз