АСТАНАДАНМАРАПАТПЕН ОРАЛДЫ

Қазақстан спортшылары күні қарсаңында мұнайлы өңір саңлақтары қуанышты хабар жеткізді. Кеше, Елордада ҚР Дене шынықтыру және спорт істері Агенттігінің төрағасы Е.Қожағапанов бір топ спорт тарландарын «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет төсбелгісімен марапаттады. Мәртебелі наградаға Атырау облысынан КСРО спорт шебері және бапкері Марат Мауменов пен КСРО спорт шебері Нұрсипат Ғалимов (суретте ортада) лайық деп танылды. 

Оның үстіне, биыл алғаш рет ҚР Еркін күрес Федерациясы еркін күрестегі ерен еңбегі үшін Нұрсипат Манапұлы мен Марат Рысқалиұлының төсіне «Еркін күрес тарланы» орденін тақты.
Қырық жылға жуық спорттың тізгінін ұстап келе жатқан Марат Мауменов Жылыой ауданында еркін күрестің негізін қалап, оны дамытуға сүбелі үлесін қосты. Ал, спортта 30 жылдай тәжірибесі бар Нұрсипат Ғалимовтың өз жеңістерінен бөлек бапкер ретінде қаншама шәкіртті бәйгеге қосты десеңізші! Олардың дүбірлі додаға әзірлеген спортшылары талай рет сенімнен шығып, жүлдемен оралды. Ендеше, марапаттарыңыз құтты болсын, жерлестер!

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз