Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

    Бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеген Премьер-министр Кәрім Мәсімов Жер реформасы жөнiндегi комиссияға да ендi Премьер-министрдiң орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Исабекұлы жетекшiлiк ететінін де айтты.

  Асқар Мырзахметов 2007-2009 жылдары «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2015 жылғы 8 тамыздан – “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылдың мамырында Мемлекет басшысының бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.

     Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

Рита Жайғалиқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз