АРДАГЕРЛЕРГЕ – АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңістің жетпіс жылдық мерейтойына орай мерекелік медаль табыс етілді. Салтанатты шараға жиылған барша ардагерлерді шаһар басшысы Нұрлыбек Ожаев құттықтап, бейбіт заманда күн кешкен ұрпақ атынан зор алғыс білдірді.

 

Бұл күні қаладағы 52 соғыс ардагерінің 18-іне және 1681 тыл еңбеккерінің 302-сіне медаль табысталды. «Оған қосымша соғыс ардагерлеріне республика бойынша жүз мың теңге, жергілікті бюджеттен екі жүз мың теңге, сондай-ақ, тыл еңбеккерлері үшін Республика қазынасынан 25 мың теңге қаржы бөлінген. Өздіктерінен келе алмаған ардагерлерімізді үйлеріне барып құттықтайтын боламыз. Шалғай аудандарда тұратын ардагерлер де тыс қалмайды» дейді шараны ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, Елордамыз Астана қаласында өтетін мерекелік шеруге қаламыздан 12 ардагер қатыспақ. Кеште театрландырылған көрініс қойылып, әскери әндер шырқалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз