Қазақстандық Сарбаздар Сын Сағатта Сыр Бермеуі Тиіс

t4fqjfbm 800 Қоғам

Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай уақытында əскери міндеттілерді  шақырту туралы Жарлыққа қол қойды. Мұның кез келген азамат үшін маңызы зор деп санаймын.    

Мен өзім əскери борышымды Мемлекеттік Күзет Қызметінде өтедім. Бір жылдың ішінде арнайы тактикалық жаттығуларды үйрендім. Жарлыққа сəйкес саналы азамат ретінде осы білімімді іс жүзінде жүзеге асыруға дайынмын.      

Еліміздегі төтенше жағдай уақытында  медицина мамандары, құқық қорғау қызметкерлері жетіспей жатыр, олар күні-түні халықтың қауіпсіздігі үшін күресуде. Бірақ мамандар əлі де тапшы. Сондықтан мен Президенттің тапсырмасын қолдаймын. Өзім сияқты жастарды жергілікті қорғаныс бөліміне барып, ерікті түрде елге қызмет етуге үндеймін.     

Нұрлыбек АСЛАНБЕКҰЛЫ,
Атырау қаласының тұрғыны

http://atr.kz/bez-rubriki/biz-birgemiz-zapastaғy-serzhant-retinde-arnajy-zhiynғa-baruғa-dajynmyn/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз