МАЙДАНГЕРДІҢ МЕРЕЙЛІ СӘТІ

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау облысының және Атырау қаласының Құрметті азаматы «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерінің иегері Айдын Айбаровтың 93 жасқа толуына арналған «Отан үшін от кешкен ардагер»атты кездесу кеші болып өтті. 

 

Шара барысындамайданда ұшқыш болып, талай рет жауынгерлік тапсырмалар орындаған Айдын Аққалиұлының өмірбаяндық деректері оқылып, «Қасиетті соғыс», және «Майдан мен тыл»фильмдері көрсетілді.

Кештің сәнін республикалық сал-серілер байқауларының жүлдегері, ҚР-ның Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Е.Мағазов ардагерге арнап «Тыныштық» жырын және «Жыртпаңдар боз ананың көйлегін» атты әсем әнімен келтірсе, Қ.Дүтба-ева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті С.Айтжанова ардагерге арнап жазылған «Арнау»  өлеңін оқыды.

Кездесу кеші соңында ардагер Айдын Айбаров соғыстың оқ пен от астында өткізген тағдырынан естелік әңгімелерін айтып, шараның маңыздылығын, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екенін атап өтті. «Енді біз көрген сұрапыл соғыс болмасын, еліміз тыныш, басымыз аман болсын» деп батасын беріп, келген қонақтарға, мұражай ұжымына алғысын білдірді.

Шара соңында мұражай басшысы Р.Харипова сөз алып, ардагерді 93 жасымен құттықтап, мұражай ұжымы атынан шапан жауып және «Атырау ардақтылары» атты кітабын  табыс етті. 

Н.ҚАМИЕВА,

жалпы және қазіргі кезең тарихын  ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз