КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН ХОР

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Отан соғысы және еңбек ардагерлері хорының есептік концерті болды. Оған көрермен өте көп жиналды.      

Соғыс және еңбек ардагері А.А.Захарова жетекшілік ететін «Фронтовичка» клубының аталмыш хорында соғысқа қатысқан ардагерлермен бірге ел экономикасының түрлі саласында жемісті еңбек еткен, бүгінде құрметті еңбек демалысындағы үлкендер де бар. Олар концерт барысында әскери-патриоттық әндермен қоса бейбітшілік, достық, махаббат туралы әндерді тамылжыта орындады. 

Сондай-ақ, «Камилия» халық ансамблі мүшелері өз көрерменін әсем билерімен қызықтырса, «Фантазия» тобының солистері – Татьяна Кабанкина, Арсен Қайратов, Гауһартас Сагитова көп жүрегіне жол табатын тамаша әндер орындап берді. 

– Мен Жылыой ауданы Қосшағыл кентінен келгенмін, – дейді бізбен арадағы әңгімеде он бірінші сынып оқушысы Тынышгүл Құтқараева. – Концерт тамаша болды. Әсіресе, өнер  десе, ішкен астарын жерге қоятын аталар мен әжелерге қатты таңғалдым. Осылайша ән салып, аман-сау жүре берсін!   

Л.СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз