ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жеңістің 70 жылдығына орай, қаламыздағы №13 «Балапан» балабақшасында «Біз соғысты қаламаймыз» тақырыбымен сурет көрмесі мен «Ерлік ұмытылмайды» атты көркем сөз байқауы өтті.

Бүлдіршіндерді патриоттық тәрбиеге баулу мақсатымен ұйымдастырылған шараға балабақшаның «Балдәурен», «Юнный эколог», «Белочка», «Шапағат», «Қарлығаш», «Айгөлек» топтарының балақайлары қатысып, «Жеңіске тағзым» композициялық көріністерін қойды. Балалар кішкене болса да көрініс арқылы  жауынгерлеріміздің ерлігін сомдай білді. Тәрбиелік мәні зор мұндай шаралар бүлдіршіндер жүрегіне ардагерлерге шексіз құрмет, рухтарына тағзым сезімдерін ұялатады деп білеміз.

Гүлжан ҚҰЛМӘЖИТОВА,

№13 «Балапан» балабақшасының әдіскері,

Атырау қаласы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз