Атыраулық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде

b1b4ae12 67e6 467e 9cc4 8553f34c65f8 Қоғам
4c774d8b 404e 481e b2d0 768ea6e08669

Атырау облысы полиция департаменті тұрғындарға құқықтық кеңестер беру мақсатында «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде.

Арнайы жабдықталған автобус адамдар көп шоғырланған аумаққа тоқтап, Әкімшілік полиция, Көші-қон полиция басқармалары, Жергілікті полиция қызметінің бастықтары акцияға қатыстырылды.

Азаматтар қойған сұрақтардың басым бөлігі – автокөлік құралдарын тіркеу, жүргізу куәліктерін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы жол белгілерін жаңарту және айыппұлдарды өтеу.

Акцияның алғашқы келушісі қала тұрғыны Мұрат Еділов тұрғын үй аулаларындағы көшелерінде жүк көліктерінің жүйткіп жүруіне тыйым салуды ұсынды. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Жауымбаев аталған аумаққа арнайы сараптама тобын жіберіп, қорытындысымен жүк көліктеріне тыйым салынған жол белгісі орнатылатынын хабарлады.

«Жолда қабылдау» акциясы кезінде департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфир жүргізіліп, желі қолданушыларынан келіп түскен сұрақтарға да онлайн түрінде жауаптар берілді. Акцияның алғашқы 4 сағатының ішінде 249 сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, оның 236-сы дереу қанағаттандырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз