Атырауда халықаралық конференция өтті

20201214 151317 Жаңалықтар

      Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күніне және Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «Бауыржан Момышұлының аңызға айналған мұрасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. 

     Онлайн форматында өткен конференция жұмысы батыр бабамыз Бауыржан туралы фильм көрсетумен басталды. Баукеңнің елді бірлікке, табандылық пен жігерлілікке үндеген қоңыр даусы құдды өзі жанымызда отырғандай күмбірлейді. Фильмде батырымыздың: «Бәріңізді алда келе жатқан 1944 жаңа жылмен құттықтаймын!» деген ақ тілегі де бүгінгідей естіледі.

      Конференция жұмысын Х.Табылдиев атындағы Каспий маңы тарихы, археология және этнология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор, тарих ғылымдарының докторы Сайполла Сапанов жүргізді. Өз кезектерінде Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Пермь мемлекеттік аграрлық-технологиялық университеті, Тараз мемлекеттік университеті, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушы-профессорлары сөз алып, өзі де, мол мұрасы да аңызға айналған Бауыржан Момышұлы жайында көсіле сөйлеп, тың деректерді тілге тиек етті.

     Лиза СЕЙТІМОВА

Конференциядан көріністер

Суреттер автордыкі     

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз