АРДАГЕРЛЕРГЕ – ҚҰРМЕТ

Жаңа жыл қарсаңында ардагерлерді жалпыұлттық қолдау акциясы Атырау қаласында да жалғасты. Шаһар басшысы Нұрлыбек Ожаев майдангерлерді аралап, жеке құттықтап, Президент атынан сыйлықтарды табыс етті.

Елбасының жаңажылдық құттықтауына ие болғанСәлім Қарабаев, Мәрия Құрманәлиева, Байжан Өмірбаев, Михайл Калашников, Иматуған Үмбетовтермен ашық, жарқын әңгімелескен қала әкімі бүгінгі бейбіт өміріміз үшін ардагерлерге қандай құрмет көрсетілсе де артық еместігін айтты.

Президенттің құттықтау хатын тапсырған Нұрлыбек Жұмахметұлы Қазақстанда бастау алған мұндай акция ТМД елдерінің ешқайсысында болмағанын, мұның бәрі Елбасының сарабдал саясаты негізінде жүзеге асып жатқанын айтып, азық-түлікке толы себет пен ықылас гүлдерін қоса тапсырды.

Марапатқа ие болған қарт майдангерлер өткенге оралып, ерлік істерімен де ой бөлісті.

Мемлекет басшысының атынан дайындалған мұндай марапатқа Жеңісті жақындатқан жауынгерлер – Тайыр Ғұмаров, Жәрдем Бекмағамбетов, Алексей Белоусов пен Николай Андакулов та ие болды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз