Ардагерлерді ұлықтау – азаматтық парызымыз

1 16 Қоғам

Аtr.kz/7 мамыр, 2020 жыл. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңның қабылдануы расымен де үлкен символдық мәнге ие.

Аталған құжатта ардагерлер санатына енген адамдар үшін бірқатар кепілдіктер мен жеңілдіктер қамтылды. Яғни, бұған дейін түрлі заңдарда қарастырылған барлық қолдаулар осы заңнамада шоғырланды.   

  Ардагерлер – қашан да біздің асыл қазынамыз. Бұл ретте оларды құрметтеп, дәріптеу, жас ұрпаққа насихаттау – бізге міндет. Оларға әрдайым қол ұшын созу – азаматтық парызымыз. Осы орайда облыста Қазақстан Коммунистік халық партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

52459d9a 6c93 4ed0 ac5f 577c21b25e1a 6420 00000142cae3ce48

Жыл басынан бүгінге дейін бірқатар Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге де көмектесіп, оларға азық-түлік себеті мен бетперделер, гүл шоқтарын қоса тараттық. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде де толық жариялануда. Осынау игі жұмыстар мұнымен шектеліп қалмайды.

Біздің ардагерлер үшін атқарар жұмыстарымыз әлі де көп. Бұл күн тәртібінен түспейтін маңызды істің бөлшегіне айналды. Аға буынды ұлықтап, құрметтеуде бәріміз бір болайық!

Өйткені, жас ұрпақ қашан да ағалар салып кеткен алдыңғы жолмен жүретінін ұмытпау маңызды. Ендеше, бұл   үрдіс ұрпақтан ұрпаққа еш мәнін жоймай, керісінше тың идеялармен жалғасып, жүйелі жүзеге аса берсін!

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,

Қазақстан Коммунистік халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз