АРДАГЕРГЕ – ІЗГІ ТІЛЕК

Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Орынғали Қарасаевты арнайы үйіне барып айтулы мерекемен құттықтады.

 

Қарт жауынгер майдан даласындағы естеліктерімен бөлісті. Соғыстағы ерліктері үшін ол «Ұлы Отан соғысы», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» ордендерімен, мерейтойлық медальдарымен және төсбелгілерімен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері.

Соғыстан кейінгі жылдарда аудандық партия комитетінің хатшысы, облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Әр жылдары облыстық еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, облыстық мәдениет басқармасына және облыстық тарихи-өлкетану мұражайына басшылық етті.

Орынғали Мұсаұлы жары Дәметия Қосалықызымен бірге төрт бала тәрбиелеп, өсірді. Бүгінде олардан немере-шөбере сүйіп отыр.

Департамент басшылығы ұжым атынан ардагердің Отан үшін жасаған ерен еңбегі үшін алғыс айтып, деніне саулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Мерекелік сыйлықтарын тарту етті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз