102 ЖАСТАҒЫ АҚСАҚАЛДЫҢ БАТАСЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа жыл қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау шарасына орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің коммунистері 102 жастағы соғыс ардагері Крюков Матвей Степановичті құттықтау үшін арнайы шаңырағында болды.

Матвей Степанович екінші дүниежүзілік соғыста Украина, Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакияның көптеген қалаларын азат етуге қатысқан майдангерлердің бірі.  Ерлігі мен батылдығы үшін ол«Қызыл жұлдыз» ордені, көптеген медальдармен марапатталды. Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен ондаған алғыс алған.

 Матвей Степанович ардагерлерді ұмытпай, елегендері үшін өзін құттықтауға келгендерге ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Ардагердің келіні Маргарита Константинова да Қазақстанның өсіп, өркендеп, халқының бақытты болып отырғаны үшін Елбасына жүрек жарды алғысын айтты.

ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев ардагердің қолына ескерткіш қол сағатын тағып, дастарханына азық-түлік себетін ұсынып, алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге тойлауға ізгі тілегін білдірді.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз