Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Ауылдағы ахуал қалай?

Ауылда қыстаққа дайындық тек пішен шабумен шектелмейтіні белгілі. Аудан бойынша кезекті жылу беру маусымына дайындық барысы жақында өткен Жылыой аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібінде қаралды.

Аудан әкімінің орынбасары Аманжол Айдашевтің хабарлауынша, аудан бюджетінен қысқа әзірлену үшін 304 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның бір бөлігіне Құлсары қаласындағы жылу желілеріне күрделі жөндеу жасалған. Атап айтқанда, 7 шақырым желіге демонтаж, 6 шақырымына монтаж жүргізіліпті. Ескірген кварталішілік жылу құбыры да жаңартылып, жылу қазандықтары дайындық сапына қойылған.

Ақкиізтоғай – аудандағы іргелі де ірі, өркениет көшіне ілесе өркендеп келе жатқан ауылдардың бірі. Кезінде «Жаңа таң» деп аталатын үлкен шаруашылықтың орталығы болған ауылдың кейінгі жылдары инфрақұрылымы жақсарып, келбеті өзгере бастады. Тек соңғы екі жылда мұнда жалпы ұзындығы 5 шақырым жаяу жүргінші жолы салыныпты. Енді 8,6 шақырымдық автокөлік жолының құрылысы жоспарланып, жұмысы басталған. Әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысына да ден қойылды.

Жекеменшік үй салу үшін 295, кәсіпкерлік мақсатқа 20 жер телімі бөлінген. Елді мекеннің ең маңызды мәселесі – келер қысқа дайындығы. Қазір мекемелер, бизнес нысандары мен тұрғын үйлердің жылу, газ жүйелері, жылыту пештері тексеруден өтті. Жаңадан салынып жатқан үйлерге тартылатын электр, жылу, «көгілдір отын» желілерінің құрылысы жоспарланып, жобалау-сметалық құжат  жасақталған.

Жауапты мамандар аудан бойынша қысқа дайындығы жақсы, сын кезеңнен сүрінбей өтуге қаражат та, күш те, мүмкіндік те жеткілікті екенін айтты.

Дәулетқали АРУЕВ,

Жылыой ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button