Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Атырауда ауыл өнімдерінің көрмесі өтті

Бүгін Атырау қаласындағы көрме орталығында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған кең көлемді мерекелік шара өтті. Іс-шараны Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырды.

4e631fd7 f016 4829 a6dc 8169dabf882e


Көрменің басты мақсаты – қалаға қарасты Алмалы, Атырау, Дамбы, Еркінқала, Кеңөзек, Қайыршақты секілді алты ауылдық округтің аумағында өндірілетін өнімдерді көпшілікке таныстырып, жергілікті кәсіпкерлердің еңбегін насихаттау. Көрмеге 55-ке жуық кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін, қолөнер бұйымдарын және табиғи тағам түрлерін ұсынды.

f5d4c1f6 816b 40d3 9360 4ab5137425c8


Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.
– Бүгін ауыл еңбеккерліне арналған ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Сіздер жаз бойы, ауа райының ыстығына да, жаңбырына да қарамастан өнім дайындадыңыздар. Бұл – табандылық пен еңбектің жемісі. Бүгінгі мерекеге қатысып отырған барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін қала әкімі Шәкір Кейкінұлының және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бастаған істеріңіз сәтті болып, үлкен белестерге жете беріңіздер, — деді Тілек Алдабергенұлы.

b503041f 2275 48bc 9454 66d7589ca0ea

Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген бұл шараның ерекшелігін атап өтті.

– Бұл көрме бұрынғыдай тек марапаттаумен шектелмейді. Биыл біз мерекені өз иелерінің – ауыл еңбеккерлерінің нағыз мерекесі ретінде өткізуді мақсат еттік. Сондықтан көрмені фестиваль форматында ұйымдастырдық. Әр округ өз ерекшелігін алып келді. Мысалы, Дамбы тірі бекіресін әкелсе, Еркінқала уылдырық өнімдерін, Қайыршақты шұбатпен келді. Бұл – алғаш рет осындай ауқымда өткізіліп отырған шара, — деді Ғасырбек Абесұлы.

Көрме барысында ауыл шаруашылығы саласында ерекше көзге түскен мамандарға Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында Нұрзия Абдулова, Альбина Ерғалиева, Аида Абдрахман, Қайырлы Мирам және басқа да сала үздіктері бар.

f459de3f cff2 4d43 ad83 f5267eb084f5

Сонымен қатар көрме аясында ұлттық және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Келушілер жүн түту, асық ату, қой көтеру, арқан тарту, бұқа тартыс секілді сайыстарды тамашалады. Ал өнім өндірушілер арасында «Үздік ауыл өнімі», «Үздік шұбат өнімі», «Үздік тәтті нан», «Үздік қияр өнімі», «Үздік сауыншы», «Ұршық иіру шебері» байқаулары өтті.
Мерекелік концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар ән шырқап, ауыл өмірінің көрінісін бейнелейтін сахналық қойылымдар қойылды.

c63a68d2 f1ec 42d4 ae81 537bf8e44bf3


Іс-шара аясында кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін мемлекеттік қолдау бағытындағы ақпараттық бұрыштар жұмыс істеді. Сонымен қатар, ICU халықаралық қауымдастығының Атырау филиалы мен педагогика ғылымдарының магистрі Данагүл Жайлаубаева бизнесті дамыту жөнінде кеңес беріп, ақпараттық қолдау ұсынды.

Алмас ҚАБДОЛ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button