Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіп – ел өркендеуінің берік іргетасы

Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған нақты міндеттер айтылды. Бұл бағыттағы бастамалар — еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл халқының тұрмысы мен шаруашылық жүргізу сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік.

c5c26f29 5a87 43f6 ae8e d754ea820442

Агросектор өкілі ретінде, мен, Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмаларын қолдаймын. Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығы шикізаты өнімін өндіру едәуір артты, сонымен қатар оны терең өңдеуді жолға қойған кәсіпкерлер мен кәсіпорындар саны артты, бірақ саны мен сапа жағынан әлі де кемшін шаруалар жеткілікті. Осындай өндіріс ошақтары — еліміздің экономикалық тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты тірек. Президент атап өткендей, мұндай табысты тәжірибені дамытуға министрлік пен салалық қауымдастықтар барынша қолдау көрсетуі қажет. Қазір агробизнестің басты міндеттерінің бірі – өнім тізбегін толық қамтитын экожүйе құру. Ол үшін агрохабтар мен заманауи логистика орталықтарын дамыту аса маңызды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін тиімді сақтап, ішкі және сыртқы нарыққа дер кезінде жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Президенттің инновациялар мен ғылыми жаңалықтарды ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану туралы пікірі – уақыт талабымен үндес шешім. Бүгінгі күні жасанды интеллект пен цифрлық технологияларсыз өндірісті тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан отандық кәсіпкерлер жаңа технологияларды меңгеріп, ішкі және сыртқы инвесторлармен әріптестікті нығайтуы қажет.
Мемлекет басшысы атап өткендей, ет және сүт өндірісін қолдау – экономикалық әрі әлеуметтік тұрғыда маңызды бағыт. Бұл тек өнім көлемін арттыру ғана емес, ауыл тұрғындарының тұрақты табысын қамтамасыз ететін фактор. Ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру – ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің ортақ мақсаты.
Сонымен бірге, Президент аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл құжат өңдеуден, логистикадан бастап, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен маркетинг стратегиясын қамтуы тиіс. Өйткені әлемдік нарыққа шығу үшін өнім сапасы мен экологиялық талаптарды сақтау өте маңызды.
Агроөнеркәсіп саласының дамуы – бір ғана министрліктің емес, Үкіметтің және Парламенттің де ортақ міндеті. Мемлекеттік қолдаудың әділ, ашық және тиімді жүзеге асуы – кәсіпкерлер үшін үлкен сенім факторы.
Еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғандықтан, ішкі нарықтағы әділ бәсеке мәселесі де өзекті. Президент атап өткендей, отандық өнім өндірушілер кей жағдайда шетелдік әріптестерімен тең жағдайда қолдауға ие болмай отыр. Бұл мәселе жүйелі шешімді қажет етеді. Агроөнеркәсіп саласында қызмет етіп жүрген кәсіпкер ретінде мен Мемлекет басшысының бұл бағыттағы бастамаларын толық қолдаймын. Біздің мақсатымыз – ауыл шаруашылығының әлеуетін арттырып, жергілікті өнімнің беделін көтеру. Егер біз жаңа технологияны игеріп, нарық талаптарына бейімделе білсек, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, халықаралық деңгейде танылған қуатты брендке айналарына сенімдімін және оған Қазақ елінің әлеуеті жеткілікті.

Жәнібек АРАЛБАЕВ,

«Әнет» шаруа қожалығының басшысы, зооинженер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button