Атырау облысына тапшы дәрі-дәрмектің екінші партиясы жеткізілді

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Атырау облысына тапшы дәрі-дәрмектің тағы 470 түрлі жеткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 12 шілдеде препараттар топтамасы Алматыдан жеткізілді. «Медициналық препараттардың 470 түрі Алматыдан әкелінді. Ертеңнен бастап Атырау қаласындағы дәріханаларға таратылады. Ал, аудандарға сәрсенбі мен жұма аралығында жеткізіледі. Жұмада Алматыдан Атырауға тағы дәрі-дәрмек келеді. Онда коронавирустан емдеуге арналған медициналық препараттар […]

Continue Reading

Президент Атырау облысына дәрігерлер мен дәрі-дәрмек жіберілетінін жеткізді

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. «Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де. Айта кетейік, Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Өңірде барлығы 7393 адам тіркелді, оның 4729-ы […]

Continue Reading

Атырауға 55 жедел жәрдем көлігі жеткізілмек

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Атырау облысына 55 санитарлық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір облыстағы медициналық мекемелерде 41 жедел жәрдем автокөлігі қызмет көрсетеді. «Атырау облысына қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизингіге 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, облыстық әкімдік осындай 15 көлікті сатып […]

Continue Reading

Атырау облысында қатаң карантин ережелерін бұзғандар анықталды

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Мобильді топ мүшелері жүргізген рейдтік шаралар кезінде карантин талабын бұзған бірнеше дерек тіркелген. Рейд кезінде 40-тан аса азық-түлік дүкені, дәмхана мен мейрамханалар тексеріліп, олардың арасында шектелген уақыттан тыс жұмыс істеу фактілері анықталды. Сонымен қатар, 11 шілдеде Аққыстау ауылдық округінде жүргізілген тексеріс кезінде отбасылық жиын-той өткізіп жатқан бір отбасы анықталды. Аталған деректер […]

Continue Reading

Елбасы коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы бүгін Елбасының ресми сайты хабарлады. «Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр. Мемлекет басшысының шешімімен 13 […]

Continue Reading

Атырауда 137 мыңнан астам масканы заңсыз сатқандар ұсталды

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Атырауда 137 500 масканы заңсыз сатқан екі адам ұсталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Атырау қаласында медициналық масканы рұқсат құжатынсыз сатып жүрген екі ер адам анықталған. «Полиция қызметкерлері 10 шілдеде жедел іздестіру шарасы кезінде «Лесхоз» ықшамауданында екі адамды қолға түсірді. Олар осындағы ғимараттың бірінде медициналық масканы лицензиясыз әрі қымбат бағаға […]

Continue Reading