«Жәрдем» жолға шықты

ҚҰРМАНҒАЗЫ

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ел аралап, халықтың денсаулығын тексеруден өткізу, медициналық көмек көрсету ісін жалғастыруда. 

  Атырау темір жол ауруханасының биылғы «Жәрдем» медициналық пойызы болат жол бойындағы шалғай ауылдардың тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетуді Құрманғазы ауданынан бастамақшы.Пойыз жапон, неміс фирмаларының заманауи дигностикалық аппараттарымен, қондырғылармен жабдықталған. Аурухананың бас дәрігері Серік Досжановтың айтуынша, пойыздың медициналық бригадасы құрамында Астрахан, Павлодар, Ақтөбе, Атырау қалаларының жоғары санаттағы терапевт, педиатр, невропотолог, окулист, лор, гинеколог, уролог, мамолог, стоматолог дәрігерлері жұмыс жасайтын болады. Теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын скринингтік тексерістен өткізіп, ақыл-кеңестерін береді. Бұдан соң «Жәрдем» пойызының дәрігерлерін исатайлықтар күтеді.

Дайындаған: Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз