ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ – АВТОБУС

Исатай. Хамит Ерғалиев ауылындағы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектепті осыдан 60 жыл бұрын бітірген түлектер өздері білім мен тәрбие алған алтын ұяларына тамаша тарту жасады.

Олар мектептеріне су жаңа автобусты сыйлады. Осындай қуанышты сәтті ауылдастарымен бірге бөлісіп, тартуларын табыстауға сол түлектердің бірі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исатай ауданының Құрметті азаматы Қатимолла Ризуанов келді.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргідей қаржылық қиындықтарға қарамастан қаламен қатар ауылдық аумақтардың даму қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырған-ды. Осы орайда, қос өзен аралығын қоныстанған өңірдегі байырғы елді мекендердің бірінен саналатын Х.Ерғалиев ауылында да игілікті істердің барын айтқанымыз ләзім. Осыдан екі-үш жыл бұрын мұнда селоішілік жол салынып, мектеп пен балабақша және мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Қазір тағы бір бөбектер отауының құрылысы қолға алынуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз