Н.Ноғаев: «Мал сою цехтарындағы қалдықтарды кәдеге жарату керек»

af8ee538 ee0f 497d be6d 1d1d6a26fb50 e1518419371953 Жаңалықтар

Махамбет ауданына барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлік пен әлеуметтік саладағы нысандарды аралады,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

af8ee538-ee0f-497d-be6d-1d1d6a26fb50

Аймақ басшысы Талдыкөл селосындағы 160 орындық балабақша құрылысымен танысты. Құрылыс биыл маусым айында аяқталады. Алаңда 50 адам жұмыс істеп жатыр, нысан магистралды газ, су желілеріне қосылған. Нысан пайдалануға берілген кезде жақын маңдағы елдімекендердің бүлдіршіндері балабақшамен толық қамтылады деп жоспарлануда.

82431292-4daf-4f62-aee3-4a193b9e9423

Құрылысты аралаған Нұрлан Ноғаев норматив пен стандарттарды қатаң сақтауды, техникалық қадағалау мамандары тарапынан үнемі бақылау болу керектігін баса айтты.

Махамбет ауданында ауыл шаруашылығын кооперативтендіру жұмыстары да белсенді жүруде.

«Кооперативтер құру дамуымызға мол мүмкіндік береді, өндірістің барлық кезеңін қамтуға, субсидия мен жеңілдіктер алуға жол ашылады»,-дейді «Бақсай»  кооперативінің басшысы Жолдас Бегалиев.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде ветеринарларға цех жұмысының қалдықтарын жоюды тапсырды.

«Мұндай өндірістерді ашу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Облыстың барлық аудандарында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, мал сою цехтарын ашу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ сою цехтарының қалдықтарын кәдеге жарату жайы күн тәртібінде тұр. Бірыңғай алгоритм жасап, облыстың барлық аудандарына енгізуіміз керек. Мал сою цехтарының биологиялық қалдықтарын өркениетті түрде жойып,  процесті санитарлық нормаларға сәйкестендіруге тиіспіз»,-деді аймақ басшысы.

029b9cb4-74ea-4b02-a188-2989cbad7fc4

Махамбет ауданына жұмыс сапарында Нұрлан Ноғаев Ақтоғай селосындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын тексерді.

10c5e7f0-c85e-4d2a-815a-56c5ec7c7bbe

ad01ad36-8049-44b2-83b2-ab7424a1e9ab

Сондай-ақ, облыс әкімі «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолының бөлігі саналатын Жайық өзені үстіндегі көпір өткелі құрылысының барысымен танысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз