Азамат Бекет Instagram желісі арқылы 500-ден астам тұрғынның сұрағына жауап берді

FB IMG 1549023863098 Саясат

Instagram желісі арқылы тікелей эфирде тұрғындармен жүздескен Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет бір сәтте 500-ден астам сұраққа жауап берді.

FB IMG 1549023863098
Суретте – Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет

  Қаңтардың 31-і күні әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан әкімнің бейресми сағатына бір сәтте 800 қолданушы қатысқан.  «500-ден астам аудан тұрғыны сауалдарын қойды. Сұрақтар негізінен жаңа жол салу, тротуар салу, көшені жарықтандыру, жаңа автобустар алу тақырыптарын қамтыды. Онлайн режимде қойылған кей сұрақтарға жауап беруге уақыт жетпеді. Сондықтан, кей сұрақтардың жауаптарын жазбаша түрде Жылыой ауданының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялайтын боламыз» деп атап өтті  Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет.

Айта кетелік, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың ақпанынан бастап, мемлекеттік орган басшылары апта сайын әлеуметтік желілер арқылы есеп беріп отыратын болады. Тікелей эфирлер Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүргізіледі.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз