БАЛЫҚШЫ ДЕГЕН КӘСІП БАР…

Атырауда балықшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті. Балықшы кентіндегі «Судоремонтник» стадионында сала ардагерлері кездесіп, Балықшы, Жұмыскер, Еркінқала ауылдық округтерінің әкімдері мен Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының басшылығы кәсіп иелерін төл мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады.

Осыған дейін де балық шаруашылығы құрылымдарының күші-мен жалпы көлемі 6100 тонна су маржандары сүзілсе, оның 64 пайызы өңделіп, халыққа жеткізілді. Осыдан екі жыл бұрын балық шаруашылығымен шұғылданатын ұжымдар үшін Жайық пен Қиғаш өзендерінен 16 су айдыны бекітіліп берілген.

Бүгінгі таңда халықаралық сапа сертификатын алған «Амангелді», «Жамбыл» өндіріс-тік кооперативтерін, «Інжу-Маржан», «Тілекші», «Каспий-Балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін ерекше атап өтуге болады. Бұдан бөлек, жыл сайын өтетін түрлі деңгейдегі көрме-жәрмеңкелер мен бизнес-форумдарда атыраулық кәсіп иелерінің аты аталып жүр. Ал, жүзден аса адамды еңбекпен қамтыған «Тілекші» ЖШС Каспий теңізінің жағалауы мен Құрман-ғазы ауданының аумағындағы «Птичий» тартымынан балық аулап, оны өңдеп, республикамыздың өзге өңірлеріне және ТМД елдеріне экспорттап отыр.

Кездесу соңы түрлі спорттық мәдени шараларға ұласты.

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттер автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз