АУЫЛҒА БЕТ БҰР, ЖАС МАМАН!

Жылыой. Қазіргі шақта жоғары оқу орнын бітірген түрлі мамандық иелері өзі өсіп-өнген ел ортасына келе бастады.

 

Бұл ретте Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі жас мамандар хабардар болу үшін жағымды бір жаңалықты жария  етіп отыр. Ол – «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына сәйкес, ауылдық елді мекендерге келген  мамандарды әлеуметтік қолдау жайы. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен әр маманға 70 АЕК-ке тең сомада, яғни 138740 теңгеден көтерме жәрдемақы және аталған бағдарлама аясында ауылдық елді мекендерге жұмысқа келіп орналасқан әр сала маманына тұрғын үй сатып алуға 1500 АЕК 2973000 теңге мөлшерінде республикалық трансферттен бюджеттік кредит төлеуге қаражат қарастырылған.

Бұл жас мамандар үшін едәуір жеңілдік, қолайлы жағдай.

Қаржау ОРАЗБАЕВ, меншікті тілші.

Әдістемелік  нұсқау  берілді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз