«Атырау-Ақпарат» кубогінің іріктеу кезеңінде қызылқоғалық құқық қорғаушылар жеңімпаз атанды (ФОТО)

Изображение 2239 Шаһар шырайы

Қызылқоға ауданындағы Миялы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Кубогі үшін ұйымдастырылған облыстық турнирге іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Изображение 2239

Жарысқа барлығы жеті команда қатысып, олар таңертеңтен қара кешке дейін облыстың турнирдің жолдамасын сарапқа салды. Жарыс нәтижесінде барлық қарсыластарынын басым түскен аудандық ішкі істер және күзет бөлімінен құралған «Тұлпар» командасы жеңімпаз атанып, қараша айында өтетін облыстық турнирге жолдама алды. «Тұлпарлықтар» бұл турнирде берік қорғаныс, өткір шабуылымен ерекшелене білді.

Изображение 2199

Жүлделі екінші орынды Миялы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Бәйтерек» мешіті қызметкерлерінен құралған «Айбын» командасы иеленді. Төрт ойынның үшеуінде жеңіске жеткен бұл құрамаға тек сәттілік қана жетіспеді десе болады. Әйтпесе, құрамында облыстық лигада өнер көрсетіп жүрген жігіттер бар «айбындықтар» соңғы сәтте «Тұлпардан» айбынын асыра алмады.

Изображение 2206

Бәрінен де жарыстың қола жүлдесі үшін болған ойын тартысты өтті. Аудандық пошта байланыс торабы, «Қазақтелеком», «Қызылқоға» газеті редакция ұжымдарынан құралған «Намыс» командасы мен аудандық орталық аурухана, жастар ресурстық орталығы, жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы және БЖЗҚ ұжымдарынан біріккен «Жігер» командасы өзара үшінші орынды сарапқа салды. Алғашқы таймда «Намыс» командасы жылдам шабуыл ұйымдастыру арқылы есеп ашса, көп ұзамай «жігерліктер» есепті теңестіріп қана қоймай, тағы да бір гол соғып алға шықты. Енді гол салмаса қола медалдан айрылатынын түсінген «намыстықтар» барын салып, ойынның соңғы минутында алаңға тыңнан шыққан Айдын Байдәулетов есепті теңестіріп, команданы жеңілістен сақтап қалды. Сөйтіп ойын 2:2 есебімен тең аяқталып, алдыңғы ойындарда жинаған ұпайының көп болуына байланысты жүлделі үшін орын «Намыс» командасына берілді.

Изображение 2233

Ойын аяқталған соң марапаттау рәсіміне кезек берілді. Алдымен аладопты ұршықша иіріп, тамаша ойынымен көзге түскен үздіктер марапатталды. Жарыс кезінде қарсыластарының ауыр соққылары мен аса қауіпті шабуылдарын дер кезінде тойтара білген Данияр Әлиев «Үздік қақпашы» атанса, барлық ойында өз командасын алға сүйреп, қорғаныста да шебер ойнаған Айболат Мизамов «Үздік қорғаушы» болып танылды.

Изображение 2212

Өткір шаубыл өтінде үздік ойынымен көзге түскен Марлен Қуанаев «Үздік шабуылшы» атағына ие болса, «Үздік ойыншы» аталымымен Масқот Қуанов марапатталды. Үздіктер мен жеңімпаздарды аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Асқар Ақтаев, аудандық мәслихат депутаты Нұрбол Бижанов және «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов марапаттады. Алдымен жарысқа қатысқан барлық командаға Алғыс хат беріліп, жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок пен медалдар табысталды. Сөйтіп қызықты да тартысты өткен доп додасы өз мәресіне жетіп, керемет өткен спорт мерекесі болып есте қалды.

Изображение 2218

Изображение 2208

Изображение 2221

Изображение 2227

Изображение 2236

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз