Индерде арбат ашылды (+ФОТО)

img 20201225 wa0115 ФОТОГАЛЕРЕЯ

Оның ашылу салтанатына аудан әкімі М.Қалауи қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады.

Көлемі 7217,05 ш/м демалыс орнында индерліктердің жайлы демалуына барлық жағдай жасалған. Арбатта екі шахмат үстелі, «Отбасы құндылығы», «Тас кешу», «Домбыра»  және Абайдың 175 жылдығына арналған шағын сәулет формалары орналасқан.

Биіктігі 2  метрге дейін жететін түрлі-түсті субұрқақ та  бар. Мамыр айында басталған құрылыс жұмысын «Оңдасын Строй» ЖШС-і жүргізді.  Аркаларда Индер тауларын бейнелесе, ортасында «Шаңырақ» декорациясы орын тепті.

Сонымен қатар жаңа шамдар ілініп, төсем тастар төселіп,  жаңа орындықтар қойылды.

«Atr.kz»

img 20201225 wa0126
img 20201225 wa0111
img 20201225 wa0116
img 20201225 wa0117
img 20201225 wa0119
img 20201225 wa0125
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз