Суретпен хатталған шежіре

Suretpen hattal an SHEZHIRE 2 Қоғам

Танымал фототілші Қ.Қабдешевтің альбом-кітабы жарыққа шықты. «Суретті түсірген Қайрош Қабдешев» атты кітапқа енген жеке мұрағатынан фотосуреттер мазмұны мен маңызына қарай 8 тарауға топтастырылып берілген. Алғашқысы – «Елбасы – Атырау облысында» деп аталған. Мемлекет басшысының шалғайдағы Қызылқоға ауданына жұмыс сапары, Қайнар кен орнындағы жаңа қондырғының іске қосылу, «Заман Групп» ЖШС наубайханасының, «Хан ордалы Сарайшық» мемориалды кешенінің, өзге де өндірістік, әлеуметтік-мәдени нысандардың ашылу сәттері бейнеленген.

????????????????????????????????????

«Сәулеті жаңарған мұнайлы Астана» аталған екінші тарауда Атырау қаласының келбетті де көрікті жерлері, шаһардың шырайын келтірер сәнді ғимараттары, жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандары қамтылған. «Танымал тұлғалар» тарауында өлкемізден шыққан атақты адамдар, әр жылдары Атырауға келген мәртебелі меймандар мен ұлтымыздың біртуар тұлғалары, зиялы қауым өкілдері орын алған. Бұлардың қатарында Үкімет басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылар бар. Бұдан кейінгі «Өңірдің басты байлығы – мұнай», «Агрокешендегі аршынды қадам», «Атыраулық қаламгерлер», «Мәдениет, денсаулық және спорт», «Руханият» тарауларына автордың осы тақырыптардың мазмұнын ашатын туындылары таңдалған.

????????????????????????????????????

Біз үшін де, Қайрош ағамыздың отбасы үшін де бүгін ерекше есте қалар күн, – деді тұсаукесер рәсімінде «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Баязи Әбдешев.

– Өйткені, Қайрекеңнің ондаған жылдар бойына түсіріп, пленкаға хаттаған бұл фотосуреттері баға жетпес құнды қазына байлық. Оны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға жеткізу – бізге және ұрпақтарына айтулы аманат.

Қайрекеңнің қаламдас інілерінің бірі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Әбілхан Төлеуішев «Осындай альбом-кітап шығару Қайрекеңнің арманы еді. «Ештен де кеш жақсы» дегендей, сол арман орындалып, ақиқатқа айналғандай. Ағамыздың жеке мұрағатында сақталған суреттер әлі де көп. Алдағы уақытта мүмкіндігіне қарай бұл жұмысты жалғастыру ойымызда бар» деді. Ал, фототілші Амангелді Мутигуллин Қайрекеңнен үйренгені көп екенін, оны өзіне ұстаз санайтынын жеткізді.

Облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов «Қайрекеңнің мұрасын жинақтап, жарыққа шығару – игілікті іс, ізгілікті қадам. Оларды дәріптеп, насихаттау арқылы есімдерін есте қалдыруды мақсат тұтамыз» деп түйіндеді ойын.

Жаңа кітаптың лентасын Қайрекеңнің күйеу баласы  Есберген мен зайыбы Гүлжамила және «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Баязи Әбдешев қиды.

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді  түсірген: Ерлан  АЛТЫБАЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз