САНАМА СӘУЛЕ СЕПКЕН…

Біз соғыс жылдары мектеп табалдырығын аттаған, сол кезеңнің барлық ауыртпалықтарын бастан өткерген ұрпақтың өкіліміз. Ол кезеңнің басты ерекшелігі - қандай қиыншылықтар болса да, жастардың білімге деген айрықша құштарлығы бәрінен де басым еді. Біз Жаманқала селосындағы мектепте оқып жүргенімізде сол кезде аудан мектептерінде ұстаздық еткен халық мұғалімдері Ескендір Шәкіліков, Аманғали Асылалиев, Қазмағанбет Қарашин сынды ағайлар туралы өте жиі еститінбіз. Ескендір ағай мен оқыған Жаманқала мектебінде ұстаз болды. Ол кісінің қазақ балаларына орыс тілін үйрету ісіндегі әдіс-тәсілдері халық арасында аңызға айналып кеткен еді.

 

Соғыс кезінде және одан кейінгі жылдары аудан мектептерінде оқушыларға сабақ беретін мұғалім кадрлар жетіспеді. Сондықтан, Ескендір ағай сияқты тәжірибелі мұғалімдер орта мектеп бітірген талантты, жақсы оқитын оқушыларды мұғалімдік мамандыққа үйретіп, өздерінің мектептеріне ұстаздық жұмысқа қосып отырды.
Облыс мұғалімдерінің таңдаулы өкілі, ерен еңбегі үшін 1949 жылы Кеңес Одағының ең жоғарғы наградасы Ленин орденімен марапатталған, Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі атағын иеленген Ескендір Шәкіліков есімін Махамбет ауданындағы мектептердің біріне беру керек деп есептеймін.

Мәдина ҒабдІсӘлІмова,
еңбек ардагері, Атырау қаласы мен Махамбет ауданының Құрметті азаматы,
тарих ғылымдарының кандидаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз