МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

1234Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов академик, профессор, химия ғылымдарының докторы Оңдаған Нұрсұлтановты қабылдап, Президент Жарлығымен берілген «Құрмет» орденін табыстады.


Оңдаған Нұрсұлтанов 1965 жылы Атырау мемлекеттік педогогикалық институтын бітіріп, КСРО Ғылым академиясының мұнай химиялық синтез институтында сынақтан өтуші-зерттеуші, физикалық химия институты зертханасының және ҚазКСР Ғылым академиясының табиғи тұздары институтының кіші ғылыми қызметкері, инженер қызметтерін абыроймен атқарған. Бүкіл саналы өмірін химия ғылымдары саласына арнаған Оңдаған Сиқуатұлының еңбегі елеусіз қалған жоқ.
– Елбасының көрегендік саясатының арқасында еліміз аз ғана уақыттың ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде, ең басты байлығымыз – сүттей ұйып отырған бірлігіміз, халықтар достастығы. Атырау облысы өнеркәсібінің басты саласы мұнай мен химия өндірісі екені белгілі. Бүгінгі күні мұнай арқылы Қазақстанды бүкіл әлем танып отыр.
Алдағы уақытта Қашаған кенішінен мұнай алынғалы отыр. Сонымен қатар, полиэтилен және полипропилен сияқты мұнай-химия өнімдерін шығаратын ірі кешен де құрылмақ. Мемлекетіміздің осындай жетістіктерге жетуінде сіз сияқты ғалымдарымыздың үлесі бар. Еңбегіңізді бағалап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен сізді «Құрмет» орденімен марапаттап отыр, – деп, облыс басшысы Б.Ізмұхамбетов оны шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, отбасы амандығын тіледі.
Мұндай құрметке шексіз риза болған Оңдаған Нұрсұлтанов жоғары марапат үшін алғысын айтып, алдағы уақытта да бар күш-жігерін Отан игілігіне арнайтындығын мәлімдеді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз