БІЗ БЕРІК БАЙЛАНЫСТАМЫЗ

Атыраудың ардақтылары

Газеттің осылайша білікті кадрлармен толығуына Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті зор үлес қосып келеді.
Күні бүгінге дейін университет қабырғасынан 120-ға жуық студент журналистика мамандығын игеріп шықты. Қазір олардың дені облыстың түкпір-түкпірінде, еліміздің өзге де аймақтарында отандық БАҚ-тың өрістеуіне өз үлесін қосып жүр. Екі студентіміз Ерболат Қаменов пен Нұргүл Ысмағұлова халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанды. Бүгінде Ерболат Қаменов республикалық басылымдармен терезесі тең басылым «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы болып отыр. «Атырау» газетінен түлеп ұшқан журналист Әлпеш Садық – бүгінде облыс әкімі баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы. Университет түлектері Гүлжан Әмірова хат және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Айбөпе Сабырова, Айгүл Ертілеуова мен Мәлике Қуанышевалар түрлі бөлімдерде тілшілік қызметті абыроймен атқарып жүр. Газеттің әр нөмірі сайын олардың жазғандарын оқып, бірте-бірте кемелденіп келе жатқандықтарына қуанамыз.

Айкүміс ҚЫДЫРБАЕВА,
Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті
және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған