Зарина – «Аstana Open» жеңімпазы

5321 Мәдениет

Жуырда Елордада ең ірі турнирлердің бірі саналатын «Astana Open-2018» шахмат фестивалі болып өтті.

ЗАРИНА – «Аstana Open» жеңімпазы

Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 312 шахматшы қатысты. Шаршы тақтадағы бұл сайыста Атыраудың намысын Зарина Нұрғалиева, Аят Абдоллаев, Абзал Әмірәлі, Ержан Жетпістер қорғады. Жарыс қорытындысында №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Зарина Нұрғалиева  10 жасқа дейінгі қыздар санатында турнир жеңімпазы атанды.

Жас шахматшыны бұл турнирге халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жәнібек Аманов дайындады.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз