Делидің назары Атырауға ауды

deli astana Шаһар шырайы

Үндістандық кәсіпкерлер атыраулық әріптестерімен ынтымақтастық құруға ниетті болып отыр. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар мен «ONGC Videsh Limited» мемлекеттік корпорация өкілдігінің директоры Кришнакант Джоши хабарлады. 

дели астана

Былтыр Атырау облысының Үндістанмен тауар айналымы 558 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге көп. Ал, экспорт көлемі 547,6 млн., импорт 11,1 млн. АҚШ долларын құрады. Үндістанға негізінен мұнай мен мұнай өнімдері және газ экспортталады. Үндістаннан киім-кешек, аяқ киім, қара метал бұйымдары, электр жабдықтары және басқа да тауарлар әкелінеді. Бүгінде  облыста үндістандық капитал үлесі тартылған 20 кәсіпорын тіркелген.

Аймақта шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалып отыр. Мәселен, «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк» атты арнайы экономикалық аймаққа 15 кәсіпорын орналасқан. Осында жаңа өндіріс ашуға бос аумақ та бар. Басты талап кәсіпорындар мұнай-химиялық бағытты ұстануы керек. Мұнда жеңілдетілген салық режимі қолданылады, жер телімдері жалға беріледі. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің даму картасы да инвесторлар үшін өте қажет. Оған еліміздегі 300-ге жуық инвестициялық жоба енген. Яғни, әлемнің кез келген жерінде жүрген инвестор өзін қызықтырған жоба жөнінде қажетті ақпарат алады.

Әсел ТҰЯҚБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз