БІЛІКТІЛІК – ТАБЫС КЕПІЛІ

astanakynБиыл Назарбаев зияткерлік мектептері мен «Педагогикалық өлшеулер орталығы» облыстық филиалы республика мұғалімдерін 2-ші орта және 3-ші негізгі деңгей бағдарламасынан өткізген болатын. 

 

Сол бағдарламаны сәтті аяқтаған мұғалімдерге облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында сертификаттар табыс етілді. Орталық маманы Әсел Таубаеваның айтуынша, үш айлық курсты тәмамдаған 66 оқытушы біліктілік емтиханының нәтижесімен тыңдаушы сертификатына ие болды. Сертификатқа ие болу үшін 20-дан астам сұраққа жауап беру керек болса, өз кезегінде олар 50 сұрақтан құралған тест сынағынан мүдірмей өткен екен.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз