«ҚАЗАҚЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫ»

astanakynБүгінде Нұрсұлтан Назарбаевпен Астана атауы егіз ұғымға айналды. Әлем де, бұқаралық ақпарат құралдары, халық та солай айтады. 
Сөз жоқ, Астананың Астана болып қалыптасуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев зор еңбек сіңірді. Ел Президентінің еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, егіз ұғымның қалыптасуының өзі заңдылық. Целиноград, Ақмола болып тұрған бұрынғы кездегідей емес, қазір Астанада қазақы орта қалыптасты. Мемлекеттік тұрғыда да Астананың рөлі ерекше. Астана жүрген жерде, бәрібір қазақ жүретінін ұмытпайық.

Санаулы күндерден соң дүйім жұрт Астананың мерейтойын атап өтеді. Осынау атаулы датаға орай жылда голливуд жұлдыздарының, әлемге танылған әйгілі әншілердің Астанаға келіп, өнер көрсетері анық. «Әлемдік деңгейдегі әртістер қазаққа не үшін керек? Олардың ағылшын, басқа тілде салған әнін кім түсініп жатыр?» деген де сындар айтылып жатады ғой. Мәселенің екінші қыры барын ұмытпайық. Шетелдік жұлдыздардың Астанаға келуінің өзі бас қаланы әлемнің өзге нүктелеріне танытуға жол ашады. Осыны есте тұтсақ деймін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз