ҰРПАҚТАР САБАҚ ТАСТЫҒЫ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында біздің мектебімізде «Жеңіс» ұстаздар хоры жасақталды. Мұндағы басты мақсат – миллиондаған боздақтардың қанымен, ерлігімен келген бұл Жеңістің маңыздылығын оқушыларға жеткізу болып табылады. Мектеп мұғалімдерінің қызметтік жүктемелерінің көп болуына байланысты хор ұжымына 19 мұғалім ғана тартылды. Олардың барлығы тыңғылықты дайындалып, белсенділік танытты. Мектеп кезіндегі жылдарын еске алып, оны қазіргі ұрпаққа жеткізуге тырысып қана қоймай, өз-өздерін де жетілдіре білді. Дәстүр сабақтастығы деп осыны айтса керек.

Хордың да репертуарын таңдау оңай шаруа болмады Соғыс жылдарындағы әндерден попурри, «Жеңіс күні», «Алеша» — бұл хордың Қазақстан халқы Ассамблеясының — 20, Ұлы Жеңістің 70 жылдықтарына арналған қалалық концертте орындаған әндері. Бұдан басқа да шараларға қатысу хор ұжымының жоспарында бар.

«Жеңіс» хоры — №20 мектеп-лицейінің директоры З.Алмаштың, орынбасары Ж.Сапарованың, тәлімгер Е.Подгорнаяның және музыка пәні мұғалімі Л.Георгиеваның бастамасымен құрылған қаладағы алғашқы  ұстаздар хоры.

Хор құрамында бастауыш және жоғары сынып мұғалімдері және директордың орынбасары Н.Мұстафаева өнер көрсетеді. Бұл бастамамызды басқа да мектеп ұжымдары қолдап, болашақта мектептің ұстаздар хоры арасында да байқау-фестивальдар ұйымдастырылатынына үміт зор.

Л.ГЕОРГИЕВА,

А.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз