ҚЫМБАТТЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді қасиетті де, ұлы мереке Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сол бір сұрапыл соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да, халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие.
Аға ұрпақ алып берген Ұлы Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да біз ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасаудамыз.
Сіздерге шын көңілден зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың жан шуағын,қамқорлығы мен ықыласын тілейміз.
Қымбатты ардагерлер! Сіздердің отбасыларыңызда ізгіліктер мен сәттіліктер мол болсын!

Құрметпен,
«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз