АРДАГЕРЛЕРГЕ – ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА

Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне демеушілік қолдау көрсетті.

 

Атырау қаласында өткен шарада компанияның басқарушы директоры Стефан де Майё тұрғындарды Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, айтулы шараның маңыздылығын атап өтті. Ол ардагерлерге 70 мың теңгені құрайтын 54 азық-түлік купонын және ардагерлердің тиісті медициналық көмек алып, түрлі емдеу курстарынан өтуі үшін «Атырау» шипажайына 60 жолдама табыс етті.

Компания өкілдері Мақат ауданында да болып, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен олардың туыстарына азық-түлік купондарын таратты.

Өз тілшіміз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз