ІЗГІ ІС ИІРІМДЕРІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұңғыш Президент күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды шаралар өтуде. Соның бірі – бас қаламыздағы Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты түрде ашылған «Қайырымдылық керуені»  атты республикалық съезі.

 

Қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту мақсатын көздейтін шарада «Ізгілікті істер көрмесі», сондай-ақ,  суретшілер мен қолөнершілер ұсынған сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері бұйымдарының көрме-сатылымы өткізілді. Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Назерке Үмбетова хабарлағандай, аталған съезге біздің облысымыздан жүзеге асырылған екі үздік әлеуметтік маңызды қайырымдылық жобаның авторлары марапатқа ұсынылып отыр. Олар – ұзақ жыл игі істермен айналысып келетін «Татулық» этномәдени бірлестігінің төрайымы, «Мүмкіндігі шектеулі дарындарға арналған мектеп»  ұстазы Гүлсина Байкенова мен «Жүректен – жүрекке»  қоғамдық қорының мүшесі Айгерім Досқалиева.

Аталған ауқымды акция аясында еңбек династияларына арналған «Жаңа ойлар табысқа жетелейді», «Армандаған мамандық» атты республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. «Жүректен – жүрекке» жобасы мен республикалық «Өмірім сізге аманат…» қайырымдылық акциясы да қорытындыланып, «Тайқазан: ҚХА – 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының жеңімпаздары анықталды.

Мәлике  ҚУАНЫШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз