Зерттеу өзегі – төл газетім

13445722 122733121483411 1785784836188976636 n "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Ғасырға жуық тарихы бар аймақтың бас басылымы өңірде журналист мамандар даярлайтын оқу орнымен үнемі тығыз байланыста. Өткен жылы медиасеріктестіктің білім ордасымен бірлесіп ашқан медиамектебі сөзімізге айқын дәлел.

13445722_122733121483411_1785784836188976636_n

Сүттей ұйыған ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатқан олар студент кезден-ақ редакцияның тыныс-тіршілігіне етене араласып, алғашқы туындыларын жариялап та үлгерді. Осылайша, қалам қызметін таңдаған жас буын теориялық білімді – университеттен, тәжірибені «Атыраудан» жинайды десек артық айтқандығымыз емес. Ал, оның түлегі Гүлмира Батырғалиева алғашқы ғылыми жұмысын газетке арнады.

Осыдан сегіз жыл бұрын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша  тәмамдаған оның дипломдық жұмысы «Мемлекеттік тілдің жай-күйі басылым беттерінде» («Ана тілі», «Алтын Орда», «Атырау» газеттері 2008-2010 ж.ж)  деп аталды. Жас тілшінің ғылыми еңбегіне «Атырау» газетінің бұрынғы бас редакторы, талай буын журналистерге ұстаз болып, бүгінде өмірден өтіп кеткен Теңдік Жауырұлы жетекшілік еткен.

Қай кезеңде де өзекті мәселелер қатарындағы мемлекеттік тіл жайы болашақ маманның тақырыпты тереңірек зерделей түсіп, ізденуіне себепкер болғаны даусыз. Оның үстіне, әр шаңырақ төрінен табылатын, атыраулықтардың сенімді серігіне айналған «Атырау» газетін таңдауы да тектен-тек емес. Зерттеу барысында  университет түлегі бүгінгі қазақ басылымдарының аталмыш мәселені жазудағы беталысына барлау жасауға тырысқан. Диплом жұмысының нәтижесінде басылым беттеріндегі қазақ тілінің жай-күйі, оның рухани құндылық екендігі мен болашақтағы дамуы және  қазіргі кезеңдегі тынысының деңгейі пайымдалған. Тіл жайын арқау еткен материалдарға талдау жасалып, олар туралы айтылған құнды пікірлер мен ұсыныстар қарастырылған. Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы ретінде журналистика саласы бойынша арнайы курстарда, семинарларда пайдалануға болатындығын айтар едік.

«Облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газеті облысымыздағы байырғы басылым – 1923 жылдың 1сәуірінен бастап шығып келе жатқаны оқырман қауымға таныс. Тіл мәселесін жазуда жергілікті басылымның ана тілге деген ерекше мән беретіндігін баса айтқан жөн. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген тұрақты айдармен берілетін материалдардың құндылығы да осында болса керек. «Ұлт тілінде тәрбиеленбеген бала ұлтқа қызмет ете алмайды». Басылым осы тақырыпта келелі мәселе қозғап, тәрбие тінін туған тілден бастау керектігін баса айтып, қазіргі кезеңдегі негізгі адамгершіліктің дәні алдымен ана тілі «топырағында» көктейтінін көрсетіп отырады», – деп аймақтық баспасөзде жарық көрген материалдарға талдау жасалыпты.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз