Жарнама
Аптаның айтары

Келер жылы зейнетақы өседі

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, алдағы үш жылда азаматтардың зейнетақысы мен әлеуметтік төлемдері кезең-кезеңімен өсетін болады. 2026 жылдан бастап 2028 жылға дейінгі аралықта ең төменгі және базалық зейнетақылар жыл сайын индекстеліп, халық табысының нақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Келер жылы, яғни 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы 62 771 теңгеден 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Ал базалық зейнетақының мөлшері 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл шамамен 25 пайыздық өсімді білдіреді. Сонымен қатар, өмір сүру минимумы да 50 851 теңгеге дейін артады.

Экономистердің пікірінше, бұл шешім әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға және зейнеткерлердің сатып алу қабілетін арттыруға бағытталған. Өйткені соңғы жылдары инфляция мен азық-түлік бағасының өсуі зейнеткерлердің күнкөріс деңгейіне айтарлықтай әсер еткен еді.

2028 жылға қарай ең төменгі зейнетақы шамамен 78 мың теңгеге, ал базалық зейнетақы 40 мың теңгеге жетпек. Бұл көрсеткіштер еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, егде жастағы азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың нақты көрінісіне айналмақ.

Еркеназ ҚАЛИЖАН,

сурет: GOV.KZ сайтынан алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button