ИРАН ЕНДІ МҰНАЙЫН ПҰЛДАЙДЫ

Он бір жылдан бері «өзімен-өзі» болып, әлемнен бөлек өмір сүріп келген Иран елі бөркін аспанға атып қуанып жатыр. Бірақ, өзгенің қуанышы – экономикасы шикізатқа тәуелді дамушы елдер үшін қиынға соғатын түрі бар.

Санкция алынған күні-ақ, бірден 17 теңгеге дейін қымбаттап шыға келген доллар Қазақстан үшін күрделі сынақтың басталғанын көрсетіп отыр. Алып ойыншының мұнай нарығына қайта оралуы – мұнай баррелін 20 долларға дейін, тіпті одан да төмен түсіріп жіберуі ғажап емес. Өйткені, күллі әлемнің талқылауына түскен Тегеран тақырыбы – мұнай нарығындағы оқиғалардың күтпеген сценариймен жалғасуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз