ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ЖАСТАР КЕЛДІ

Жуырда қаланың бір топ жастары облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне келіп, көңіл серпілтер мәдени шара өткізді. 
Біз, қарттар, бұл бастаманы Атырауда өткен VI республикалық патриоттар форумының жалғасы деп есептейміз. Екі сағаттан астам уақыт мекенімізді ән мен жырға бөлеп, бимен көркемдеген жастардың таланты мен талабына, бізге деген ақ ниетіне куә болдық.
Бастамашыл қыз-жігіттер өздерінің жеке қаржысына интернаттағы 117 қартқа сыйлық тапсырды. Сондай-ақ, шарамен туған күні тұспа-тұс келген интернат тұрғыны Амангелді Ақбердіұлының иығына шапан жапты.

Концертке қатысқан барлық қартпен естелік суретке түсіп, қамкөңіл жандардың ризашылығына бөленді. 
Көшбасшы жастарға интернат директоры Қилымқас Күзембаева мен қарттар атынан интернат тұрғыны Рахметолла Ізтелеуов ақсақал алғыс айтып, баталарын берді.

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ,
Қарттар үйінің тұрғыны,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз